Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледж жатақхана студенттерімен бірлесіп өткен, қалалық әнбебаб кітапханасында «31 мамыр-Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне» орай өткізген іс шараға
С А Р А П Т А М А
«31 мамыр-Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне»орай,кітапханамызда қазақ халқының тарихында қаралы нәубет боп жазылған ашаршылық қасіретін түсіну және жазықсыз жапа шеккен арыстарымыздың рухына тағзым ету мақсатында «Талайдың түбіне жеткен отыз жеті,Тарихтың қара түнек ол бір беті»атты кеш реквием болып өтті. Кеш барысында тарих беттеріндегі мәліметтерімен бөлісіп,қасіретті ғасырдың нәубетін өлең тілінде сөйлеткен ақындарымыздың жырлары оқылды."Бүгін біз ұжымдастыру жылдарында аштыққа ұшырағандарды, сондай-ақ туған жерінен кетуге мәжбүр болғандарды да еске аламыз. Сол жылдардағы орасан зор адам шығыны мен тағдыр тауқыметі әрбір азаматтың жүрегіне жара салды.Тоталитаризмнен зардап шеккен көптеген ұлт өкілдері үшін қазақ жері құтты мекенге айналды. Ата-бабаларымыздан дарыған қайсарлық пен төзімділіктің арқасында қатаң сыннан абыроймен өтіп, біртұтас ұлт ретінде бірігуге мүмкіндік алдық" - деп атап өтті Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Тынышбаев, М.Дулатұлы, Т.Рысқұлов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Асфендияров сияқты мемлекет және қоғам қайраткерлері, ұлт зиялылары болды.Кеш соңында болашақ жастарымызға игі тілектер айтылып,естелік суретке түсірілді.