Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледж жатақханасында “Екі жұлдыз”ән байқауы өтті.Бұл байқауға колледж және  жатақхана қызметкерлері мен білім алушылар жұптасып жанды дауыспен ән айтты.Ондағы мақсатымыз:колледж және жатақхана қызметкерлері мен студенттер арасында тығыз байланыс орнату,өнерге деген құштарлығын оята отырып, адамгершілік рухани бағытта тәрбиелеу.

Байқау  3-кезең бойынша өткізілді

1-кезең:”Дәстүрлі әндер”

2-кезең:”Еркін”тақырып

3-кезең:”Сахналық қойылым”таңдап алынған әнге қойылым көрсету.

Сайысқа қатысушылар үш кезеңде де өте жақсы дайындықпен келгендері көрініп тұрды.Сахналық қойылымдары бір-бірінен өткен,тыңғылықты дайындықпен жасалған.Колледжіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлхашима Қуандыққызы мен Муз-2курс студенті Байсейітов Әли өз өнерлерін көрсеткенде бәрі сүйсініп тыңдады.Жатақхана қызметкерлері Шолпан Оспанқызы,Алматов Нұрхафис,Рахметов Талғат өз өнерлерін  білім алушы студенттерімізбен жоғарғы деңгейде орындап шықты.

Байқау нәтижесі бойынша Бас жүлдені  Гүлхашима Қуандыққызы мен Муз-2курс студенті Байсейітов Әли

1 орын  Алматов Нұрхафис пен Нәби Ақерке БМ-21тобының студенті,

2 орын Шолпан Оспанқызы мен Айтуғанқызы Дариға БМ12тобының студенті;

3 орын Рахметов Талғат пен  Балахмет Бекбосын көпсалалы колледж студенті иеленді.

Өз өнерлерін ортаға салып,сайысқа қатысқандары үшін барлық қатысушыларға  алғысымызды білдіреміз.

Барлық марапат иелері алғыс хат пен мадақтамалдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.Сайыс соңында екі жұлдыздың символы болған “Екі жұлдыз”әні орындалды. Шара барлық жатақхана тұрғындары мен көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.