Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Мұғалім болашақты тәрбиелеуші. Ал болашақ дегеніміздің өзі өткен тарихты қорыту емес пе? Ең бірінші ұстаз – біздің өткен тарихымыз. Жаңа ұрпақты тәрбиелеу үшін бұрынғының бар жақсысын жиып, бүгінгімен қабыстырған жөн секілді.


Білім – біздің басты қазынамыз. Халық ақыны Нұрпейіс Байғанин «Білімнен қымбат нәрсе жоқ, көңілде жатса баспай тот» деген екен. Білімді адам ғана болашаққа батыл қадам баспақ. Біздің жастарымыз алған білімін ақылмен, өнегемен, тән мен жанның сұлулығымен, парасаттылықпен ұштастырса, нұр үстіне нұр жауар. Оқу-білім үздіксіз еңбектің арқасында ғана жақсы нәтижеге, жоғары жетістіктерге жеткізеді. Студент жастарымыздың жан-жақты, саналы, терең білімді, бәсекеге қабілетті болуы – қоғам сұранысы. Осы орайда білім берумен қатар көп қырлы тәрбие жұмыстарыныңда маңызы зор.Іс-шарамыздың жалғасы «Ұстазға мың тағзым»-атты тақырыппен өз жалғасын тапты.
Іс-шараның мақсатыҰстаз еңбегінің жемісі, білім өмір шырағы, оқу - инемен құдық қазғандай деген ұғымдардың мағынасын студенттерге түсіндіру.Ұстаздарды құрметтеуге тәрбиелеу.Ұстаздардың тәрбиесі мен еңбегін дәріптеу.Білім мен біліктілік ұстаз еңбегінен бастау алатынын студент санасына жеткізу.

Мұғалім деген ат-қасиетті ат.Мұғалім деген аттан таза еңбекті сүйетін мамандық иесі деген сөзді ұғынады. Елдің надандығымен алысатын адам мұғалім. Ұстаздарымызға шығармашылық табыстар тілейміз.