Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі жатақханасында жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын пародиялық кеш биылғы жылы да өз жалғасын тапты. Ақпан айының жетінші жұлдызы күні, жатақхана тәрбиешілері мен студенттерінің ұйымдастырумен “Жұлдызды кеш” атты эстрада жұлдыздарын породия жасау байқауы ұйымдастырылды.

Аталмыш шара шеңберінде дарынды студенттердің әсем әнімен басталып, концерт өз жалғасын тапты. Бағдарлама барысында жатақханадағы әр қабат өз-өнерлерін көрсетіп, өзара бақ сынасып, өздерін жаңа қырларынан танытты. Жарыстың негізгі мақсаты білім алушылар арасында талантты, өнерге жақын студенттерді анықтау, үздіктердің қатарына қосу болып табылды. Сайыс екі кезеңнен тұрды: алғашқы кезеңі эстрада жұлдыздарына пародия жасау, екінші кезеңі шет ел жұлдыздарына пародия көрсетті. Тапсырма студенттерге, яғни әр қабат басшыларына алдын – ала дайындалуға мүмкіндік бере отырып, бір – бірінің өнерін қайталауға жол ашты. Сайысқа жатақханамыздың екінші,үшінші, төртінші,бесінші және де алтыншы этаждары белсене атсалысты. Қорыта келгенде 3 орынды екінші қабат иеленсе, 2 орынды төртінші қабат алды, 1 орынды ұлдар қабаты яғни 3 қабат қанжығаларына байлады. Кеш студенттердің бос уақытын қызықты ұйымдастырып, шығармашылықтың жаңа қырында өз мүмкіндіктерін ашуға тың серпін берді.

 

Н.Құлжанова атындағы Торғай

гуманитарлық колледжінің студенті

Ерғантаева Көркем Жақсыбайқызы- БМ -32 тобының студенті