Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Биылғы жас түлектеріміз үш жыл аралығында Колледж қабырғасынан білім ала жүріп қоғамдық өмірге де белсене атсалысты. Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің жатақханасында маусымның 5-ші жұлдызы күні «Нұрлы жол, сәтті қадам» атты бітіруші түлектердің қоштасу кеші өтті. Жас түлектеріміздің  қоштасу кешін өткізудегі мақсаты: бір отбасындай болған жатақхана тұрғындарына, тағылымды тәрбиесімен жас буынның  жүректеріне жол таба білген, аяулы ұстаздарына өздерінің жүрек жарды алғыстарын білдіріп ыстық ықыластары мен жылы лебіздерін арнау болды. Жатақханамызда өткізілген концертке колледжіміздің директоры Алматова С.О және бірқатар оқытушылыр мен бітіруші түлектердің топ жетекшілері келген болатын. 


Қоштасу кешінің шымылдырығы Бейсенбай Амандықтың орындауындағы «Студенттік өмір» атты әнімен ашылған болатын. Жүргізушілеріміз бітіруші топтарды атап ортаға шақырды. Кеш бойы ән шырқалып, би биленіп келген қонақтар талантты студенттеріміздің  өнерлеріне тағы да тәнті болды. Кешімізді қорытындылау барысында, жатақхана директоры  Саржанова Э.К-ға және тәрбиешілеріміз Бирмаканова Ж.Х, Чунча Д.Ж-ға сөз берілді. Тәрбиешілеріміз жыл бойғы жатақханамыздың  белсенді студенттерін ынталандыру мақсатында түрлі номинациялар бойынша мадақтама грамоталарын табыстады. Атап айтар болсақ жатақхана тұрғындары «Үздік президент» , «Үздік староста», «Ұқыпты студент», «Еңбекқор студент» , «Таза бөлме»  номинацияларына ие болды. Осындай тамаша көңіл – күйден соңжанұяларымен қоштасушы түлектер жатақхана ұжымына өздерінің алғыс-тілектерін білдіріп сый – сияпаттарын табыстады.  Осылайша Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің жатақханасы тағыда өздерінің студенттерін қимастықпен ұясынан ұшырды. Ұстаздың жолы – қашан да қиындықтар мен кедергілерге толы. Әр балаға анасындай мейірімі мен бар ықыласын арнау тек ең жақсы ұстаздың ғана қолынан келері анық. Жақсы ұстаздардан үлгі – өнеге алған шәкірттер болашақта ел сенімін ақтайтын өз мамандығының майталманы боларына сенеміз!