Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

«Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі, әрі бірегейі жастар мәселесі" деп Елбасы атап көрсеткендей, шынымен де, қоғамның дамуында жастардың алар орны ерекше.

Биылғы жылды «Жастар жылы»  деп жариялағанын еліміздің барлық жастары зор шабытпен қабылдады.Осы орайда жатақханамызда ұйымдастырылған «Бүгінгі студент – ертеңгі жас маман» атты бітіріп кеткен студенттерімізбен кездесу кешімізді назарларыңызға ұсынамын.

Әрбір  жас «Елім маған не береді деп емес, мен еліме не беремін» деген ұранмен өмір сүруіміз керек. Елбасымыз бүтіндей бір жылды «Жастар жылы» деп атауының себебі де, осындай жауапкершілікті жүктеп отыр. Біз қазіргі заманғы Қазақстанның идеалында тәрбиеленіп, өз еңбектерімізбен, білімге деген ұмтылыстарымызбен, Мәңгілік Елдің даңқын асырып,  Қазақстанның жарқын болашағы үшін қандай да бір іс тындыруға міндетті екенімізді естен шығармайық дейді алғашқы сөз кезегін алған түлегіміз Айтуар Айзат.Жатақхана біздің екінші үйіміз бұл алтын ордамызды сағынып еске алып отырамыз дейді өз сөзінде Кәкентай Мөлдір.  Қонақ кәде сұралып Мөлдірдің М.Мақатаевтың «Сезбейсің ғой, сезбейсің ғой сен мені» өлеңін мәнерлеп оқып көрермендерді таң қалдырды. Жас мамандарға ыстық игі тілегін коледжіміздің жастар ұйымының төрағасы Оразов Ниязбек Рамазанұлы арнап, әнін жолдады. Жатақханада өткен қызықты оқиғаларын ортаға салып Ұлмекеннің айтқан әңгімесі көрермендердің көңілдерін көтеріп тастады. Студент пен жас маман арасында қызықты ойындар ұйымдастырылды. Жатақхана тәрбиеленушілері өзднрінің ойларында жүрген сұрақтарын қойып жауаптарын алды. Әр адамның жадында ерекше естеліктерімен жатталып қалған студенттік өмір ешқашан ұмытылмайды. Қызығы мен шыжығы мол сол бір үш жыл талай әдемі де, әсерлі әңгіменің арқауы болып, көрігін қыздырғаны қақ. Сәні мен салтанаты, мәні мен мағынасы мол өмірдің кейіпкерлері – студенттердің әр күні мерекедей өтеді деп өз ойын ортаға салған Қабдырашова Айсұлуды ерекше айтып кетуге болады. Жігіттер мен қыздар болып жиналып гитарамен өлең айтамыз. Кейде төмендегі басқалардың аяқ киімін киіп кетесің. Олар әр бөлменің есігін қағып, іздеп жүреді. Достықтарыңды ішке кіргізгің келсе, вахтерша апайдан әрең дегенде сұранасың. Жеке куәлігіңді беріп, жарты сағат деп кіріп, 3 сағаттан кейін бір-ақ шығасың. Жатақхананың бар қызығы осымен ғана шектелмейді. Оны тек осында мекен ететіндер ғана жақсы түсінеді дейді Бақытжанов Әлібек. Осындай қыймастық кештің жалғасы фото суретке түсіп,биге жалғасты. Жеке тұлғаны қалыптастыруда олардың жан-жақты дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу – адамгершіліктің басты мақсаты. Осындай қасиеттерді бала бойына қалыптастыру - әрбір ұстаздың міндеті деп білемін.

 

Н.Құлжанова атындағы Торғай  гуманитарлық колледж жатақханасы

Жатақхана тәрбиешісі: Бирмаканова Жанар Хамитовна