Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледж жатақханасында бірнеше үйірме түрі жұмыс жасайды, соның бірі «Аспаз» үйірмесі.Үйірменің басты мақсаты: Қазіргі студент болашақ үй иесі яғни ас мәзірін, тамақтану мәдениетін үйрету. Халық тәрбиесінің үлкен ықпалы мен пайдасы және ұлттар тәлімінің сыры мен ерекшелігі туралы мағұлмат беру. «Аспаз» үйірмесінің жоспар бойынша өткізілген іс-шарасын ерекше айтқым келеді. «Ал, қанеки, қыздар!» сайысының мақсаты: Қыздарымыздың  ықыласын, икемділігін, талантын бағдарлап оны дамыту. Қазақ халқының ұлттық өнерін дәріптеп, салт-дәстүрін келешек ұрпаққа үйрету, тазалыққа тәрбиелеу. Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазы алқаларын сайлап алдық. Олар колледжіміздің ағылшын пәнінің мұғалімі және «Аспаз» үйірмесінің жетекшісі Мейрамова Бақыткүл Маратовна, Колледжіміздің психалогия пәнінің мұғалімі Издибаева Дарига Муратовна, жатақханадағы «Аспаз» үйірмесінің мүшесі МД-33 тобының студенті Нағашыбай Самал.

Сайыс кезеңдері таныстырылды.

  1. «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды». Таныстыру
  2. Сұрақ-жауап сайысы (жеті қазына)
  3. «Анасының көмекшісі» Қамыр жаю сайысы
  4. Жалғасын тап. Ас жайында мақал-мәтелдер
  5. Дәмді және тез (салат түрін дайындау)
  6. Үй тапсырмасы.(Ұннан жасалған тағам түрі)

Кеш сахнасына байқауға қатысушы қыздарымыз  шақырырылып таныстырылды.

  1. Молдахметова Айжан МД - 32 2-қабат
  2. Тілешбек Перизат БМ-32 - 4-қабат
  3. Балғабай Айым БМ-11 – 5 қабат
  4. Ахметова Огилжан АрМПИ студенті 6 - қабат

Әр кезеңде жеке әндер орындалып, көңілді кеш өз жалғасын тапты. Кештің соңы қортындыланып, жеңімпаздар анықталды. Бас жүлде- Ахметова Огилжан АрГПИ студенті 6-қабат, 1орын-Тілешбек Перизат БМ-32, 4-қабат, 2 орын- Балғабай Айым БМ-11 5-қабат, 3орын- Молдахметова Айжан МД-32 2-қабат бағалы сыйлықтар тапсырылды. Кеш соңы көңілді биге ұласты. Қорыта айтқанда: Үйірме жұмысының барысында өз еңбегімен қатар, өзгенің еңбегін қадірлеуге, тұрақтылықтың тиімділігін білу, әділдікті сүю, өз ойын еркін айту сияқты қасиеттердің қалыптасуына үлес қосып, жеке тұлға ретінде қоғамның бір мүшесі екенін ұғындыра білдім деп айта аламын.

 

 

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледж

жатақханасының тәрбиешісі: Бирмаканова Жанар Хамитовна