Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледж жатақханасында өткен«Би ырғағы -2021» атты іс шарасы

 

 «Би ырғағы -2021» атты іс шараның мақсаты:                                                                Балалардың би әлемін түсініп қабылдаудағы талғампаздығын тәрбиелеу, эстетикалық сезімталдығын қалыптастыруда білімді, мәдениетті болып өсуіне әсер етудің би өнерінің ролі, би қажеттілігі жайында қоғамдық сананы нығайту.

«Өнер – өнегелі, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал» - деп Кеңес педагогы В.А.Сухомлинский айтып кеткендей, тәрбие үрдісінде өнерге аса көңіл аудару қажеттілігін атап көрсеткен болатын. Сол өнердің бірі – би өнері.Би тек сұлулыққа ғана қызмет етпейді.Ол дененің  физикалық дамуына да ықпал етіп, дене  иілгіштік қасиетін дамытады.                                                  Олай болса, хореография іс-әрекеті баланың белсенді қимылдауын шығармашылық тұрғыда іске асырып қана қоймай, әр-түрлі қимыл-қозғалыстар арқылы ерте жаста  ырғақты сезіну ет пен дене бітімін  күшейту мен дамытуға әкелетінін де атап өтуге болады. Бала бойында  ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар.

Сол қасиеттерді дамыту ісі дәл балабақшада басталмақшы.Би-музыкалық ырғаққа сай дене қимылымен көрсетілетін өнер. Адамдардың күнделікті еңбек процесіндегі іс - әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім - әсерлері.                                                                  

Жатақханамызда өткен би байқауы екі кезеңнен тұрды.Бірінші кезең ұлттық би өнері, екінші кезеңде заманауй би өнері.                                                                 Байқауға 2-3 қабат студенттері қатысты. Кезең бойынша өнерлерін ортаға салып, өте қызықты тартымды өтті. Жеке ән орындаған Сабыр Серікзат, Жолдыбай Нұрсұлтан, Балахмет Заманбек көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.                                                                                                                        

Қорыта айтқанда кеш соңында 1-орын 3қабат,2-орынды 2қабат иеленді,жеңімпаздар марапатталды.Жалғасы би кешіне ұласты.

                                                                         

 

 

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі

жатақханасының тәрбиеші Бирмаканова Ж.Х.