«Ас – адамның арқауы» дейді халқымыз. Сол айтқандай-ақ, денсаулықты сақтау дұрыс тамақтанудан басталады. Тамақтағы қоректік заттар сапасы жағынан адам организмінің мұқтажын өтеуі қажет. әсіресе тамақ нормасын әркім өз ақылымен мөлшерлеуі тиіс. Әрине, дастарқандағының бәрін тауыса ішіп-жеу мақсат емес. Тамақтану мәдениеті дегеніміз – бір қалыпты тамақтану, тағамдардың әр түрлі болуы, қай кезде және қандай мөлшерде ішіп-жей білу.
Мақсаты:
- Адамның өміріндегі астың маңызды рөлін түсіндіру, дұрыс
Тамақтанудың денсаулық үшін пайдасын түсіндіру.
- Студенттердің білімін, ой – өрістерін, тілдерін, ойлау, таным-
дық қабілеттерін дамыту.
- Денсаулық сақтауға, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.Бүгінгі жоспар бойынша үйренетін жұмысымыз хворост пісіру.
Қажетті заттар:2 жұмыртқа - 4-10 ас қасық қант,3-4 ас қасық сұйық май - 0,5 шəй қасық тұз - 0,5 шəй қасық сода+уксус - 5-6 стақан ұн (егерде қамыр қолға жабысып жатса, тағы да ұн қосамыз) - ванилин (міндетті емес)
- Қолға жабыспайтын жұмсақ қамыр илеп, 20 минутқа бетің жауып қоямыз.
- Сосын үстелге ұн сеуіп, қамырды қалаған жұқалықта жайып (1 см немесе одан да жұқа) тіктөртбұрыш қылып кесеміз.Əр төртбұрыштың ортасын кесіп, қамырдың бір шетін тесіктен өткіземіз.Хворосты әр түрлі түрде кесуге болады.
- Қызып тұрған жеткілікті мөлшердегі майға екі жағын пісіріп аламыз. Сонымен бүгінгі менің көздеген мақсатым – тамақтануды тиімді ұйымдастыру, азықты толық пайдалану, тағамды дәмді дайындау және дұрыс сақтау; тағамды сәнді әшекейлеп, дастарханды дұрыс әзірлеуді үйрену. Хворост дайын. Асыңыз дәмді болсын!
Н.Құлжанова атындағы Торғай
гуманитарлық колледжі
жатақханасының тәрбиешісі,
үйірме жетекшісі: Бирмаканова Ж.Х.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/zhatahana-omiri/435-as-adamny-ar-auy.html#sigFreeId2da74fe2aa