«Бірлігі жарасқан елміз» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Бүгін Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлап жатыр. «Бірлігі жарасқан елміз» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек. Қазақстанның бірлігі күні барлық балабақшалардан бастап, мектеп, университеттерде, колледждер мен ЖШС, жекеменшіктегі кәсіпорындар мен мемлекеттік ұйымдарда айтарлықтай атап өтіледі.
Мақсаты – Қазақстан халқының бірлігін нығайту, жастарды достық пен ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеу. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді. Бүгінде «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетіледі. Халықтың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады. Осындай игі шаралардың бірі біздің жатақханамызда өтті. 2-3-4 қабат студенттері арасында асфальтта сурет салу байқауы өтті. Студенттер аса қызығушылықпен ат салысып,өз ойларын толық жеткізе білді.Кеш соңында алғыс хаттармен марапатталды. Ал әдемі де әсерлі кештің соңы тәуелсіз елде, бейбіт заманда, бірілігі жарасқан жастарымыздың биімен жалғасты.
Тәрбиеші:Бирмаканова Ж.Х.