Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Көңілсіз берген қымыздан көңілді берген шай артық. Жапалап асқан жасықтан жағып жеген май артық. Қазақ халқы асқа, тағамға үлкен мән берген. Халқымыз кәделі әрі орны бөлек тағамдарын ет пен сүттен жасаған. Қымыз, шұбат сияқты шипалы тағамдар батыс елдерінде мүлде жоқ. Бұл – біздің халқымыздың ерекшелігі.Ұлттық дастарқанымызға байланысты алуан түрлі терминдер бар және олар зерттеуді қажет етеді. Бұл терминдер – бай қазақ тілінің және ұлттық мәдениетіміздің ажырамас бір бөлшегі. Сондықтан біз оны білуіміз және сақтауымыз қажет. Жатақханамызда «Аспаз үйірмесі»өте ерекше ынтамен өтеді.Қыздарымызға жасалатын тағамдар жайында толық түсінік беріліп,сол тағамдарды жасалу барысында түсінік берілді. Дастарханға қойылған тағамның қалай пісріліп дайындалғаның, сүйкімділігі мен дәмділігінің айрықша маңызы бар. Сүйкімді әрі дәмді даярланған тағам көзді қызықтырып қана қорймайды, тәбетті шақырып, асқазанға шырын бөледі, сөйтіп тағамды қорытатын ішкі жүйенің барлығы асты «қабылдауға» дайын тұрады. Тағам ауызға түсісімен-ақ, ас қорытатын ағзалар дереу қызметке кіріседі, соның нәтижесінде белоктар, майлар, көмірсулар жақсы сіңеді.Бүгінгі біздің дайындаған тағамымыз палау және шәйға тәтті панкики.

Мақсатымыз – тамақтануды тиімді ұйымдастыру, азықты толық пайдалану, тағамды дәмді дайындау және дұрыс сақтау; тағамды сәнді әшекейлеп, дастарханды дұрыс әзірлеуді үйрену.                                         

Дайындаған тағамды жатақханамыздағы  ұлдарымызбен көңілді дастарханда отырып дәм ішті.Жатақханамыздың студенттері  кез келген қоғамдық жұмысқа ұйымшылдықпен ат салысады.Әрдайым балаларымыз биіктен көрініп,дендері сау болып,еліміздің бетке ұстар азамат,азаматшалары болсын деген тілек білдіргім келеді.

                                                                        

    Тәрбиеші:Бирмаканова Ж.Х.