«Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында эссе өткізілді.
Республика күнін мерекелеу шеңберіндегі іс-шаралар барысында колледжімізде «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында эссе жазу байқауының колледжішілік іріктеу кезеңі өткізілді.
Шараның басты мақсаты: Жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, Қазақстандық патриотизмнің озық үлгісін қалыптастыру.
- КОНКУРСТЫҢ МІНДЕТТЕРІ
Білім алушылардың азаматтық сана-сезімін дамыту, ел тағдырына қатыстылық сезімін және оның болашағы үшін жауапкершілікті тәрбиелеу;
жастардың бойында патриоттық сананы, ел тарихына қатыстылықты тәрбиелеу;
Білімалушыларды шығармашылық қызметке тарту.
Үздік эсселер іріктеліп байқаудың облыстық кезеңіне ұсынылды. Облыстық кезеңге тек бірінші орын иегерлері жіберілді. Облыстық кезең жеңімпаздарын алдағы уақытта жариялайтын боламыз.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1212-esse-irikteu-keze-i.html#sigFreeIde1c45c48cc