Байқау студенттерге қазақ өнерін дәріптеп, өнерге баулу, мақсатында өткізілді, ол 2 турдан тұрды. І тур студенттеріміз өз қалаулары бойынша таңдаған әртісті сомдауы қажет. ІІ турға Жайдарманнан көрініс. Студенттер әнді орындап қана қоймай сол әртістің сырт келбетін дәлме-дәл ұқсатып қимылдарын да айнытпай сомдауы қажет.
«Дәлме-дәл» атты пародия кеші керемет көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Біздің дарынды балалар белгілі клиптерге пародия жасап, бір мезетте сахна актерлері болып шыға келді. Көңілді би, түрлі-түсті костюмдер, қажетті сахналық атрибутика, қойылымдарын таңдалған клиптерінің түпнұсқаларына ұқсатқандай... Балалардың эмоциялары жоғары деңгейде болды, зал барлық көрермендерге, әсіресе, ерекше қойылымдарына көрермен қауым зор қошемет көрсетті.
Қазылар алқасына таңдау қиын болды, өйткені барлық топтар жақсы дайындалған. Десек те, байқау жүлдегерлері таңдалып, орындар төмендегідей бөлінді: Жүлделі 3-орынға ие болған «Юра шәкірттері» тобы, 2-орынға «Еркін жастар» тобы, 1-орынды «Бір үйдің балалары» тобы иеленді. Ерекше көзге түскен студенттеріміз де марапатталды. Олар: Мұқатов Мерей, Жолдыбай Нұрсұлтан, Қалдыбайқызы Аруна, Ереке Назгүл, Балахмет Заманбек, Самат Әли, Сейтбекұлы Рахат, Ақансеріқызы Ақерке осы студенттеріміз «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар», «Белсене ат салысқан» номинацияларға ие болып марапатталды. Сөзімді қорыта келе айтарым: Халқымыздың даналығында «Баланы жастан» деген сөз бар. Сондықтан тәрбиенің тал бесіктен басталатынын ескерсек, ата-бабадан келе жатқан ибалық пен инабаттылықты өзіміз түпкілікті түсініп, балаларымызға сол тәрбиенің нәрін сіңіре білсек, бұл қазіргі заманда бала тәрбиесіне қосқан біздің қомақты үлесіміз болып табылар еді. Еліміз егемендік алып, өз мәртебесі биіктей түскен шақта ең алғашқы алға қояр міндеттің бірі – бала тәрбиесі – егеменді еліміздің болашағын жалғастырушы ұрпақ тәрбиелеу. Ал сол жас ұрпаққа тәрбие беретін бүгінгі тәрбиеші – мамандар тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс-тәсілдерін іздестіріп, күнделікті жұмыс барысында жаңашыл бағыттар қарастырып, оны өздерінің іс-тәжірбиесінде қолданып отырса, бала тәрбиесі алға басары сөзсіз. Бұл ойдың тармағы бүгінгі тәрбиешінің кәсіптік шеберлігінде, шығармашылық дамуына әкеліп соғады. Жатақханамызда осындай қызықты әрі тартымды іс шаралардың әлі де жалғасын табарына сенімім мол.
Бирмаканова Жанар Хамитқызы
Н.Құлжанова атындағы Торғай
гуманитарлық колледж жатақханасының тәрбиешісі
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/131-n-lzhanova-atynda-y-tor-aj-gumanitarly-kolledzh-zhata-khanasynda-tken-d-lme-d-l-parodiya-shouy.html#sigFreeIdd57c8abb68