Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің директоры Алматова Сандуғаш Орекенқызын еңбек шартының аяқталуына байланысты зейнет демалысына шығарып салу рәсімі өтті.

Салтанатты  рәсімге арнайы сапармен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Амангелдинович Саламатов қатысты.

Сандуғаш Орекенқызы көпжылдық еңбек өтілінде басшылық қызметтін озық үлгісін көрсетті.Ол өз әріптестерінің алдында үлкен беделге ие, қарым- қатынаста жоғары мәдениетті көрсетті.Еңбек жолын орыс тілі мұғалімдігінен бастап қаншама жыл бойы бірнеше мекеменің басшылық лауазымда қызмет етіп, колледж басшылығына дейін дамудың барлық сатысынан адал еңбегімен өткен. Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжін дамытудың дұрыс стратегиясын, мақсаттары мен міндеттерін анықтауға мүмкіндік берген басшысы болып қалыптасты.

Қызметте қабілетті шығармашыл жетекші бола отырып, колледж имиджін арттыру үшін педагог ағартушы, журналист аудармашы Н.Құлжанованың өмірі мен қызметін насихаттауға күш салды. 2017 жылдан бастап Н.Құлжанованың 130 жылдық мерейтойы қарсаңында қалыптасқан «Құлжанова кабинеті» әлі қаншама ұрпаққа қызмет ететіні анық.

Сондай ақ, «Нәзипа ізбасарлары» жобасы да Сандуғаш Орекенқызының төл туындысы. 2022 жылы ашылған Н.Құлжанова бюсті осы игі істердің нәтижесі.

Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерейтойына арнап колледж жастарын ынталандыруға қалыптасқан колледж жастарының «Алтын кітабы» бүгінгі күнге дейін өз жалғасын тауып келеді. Оқу процесіндегі үрдісті жаңашыл талаптардың уақытында орындалуымен қатар, өндірістік-шаруашылық істердің өз дәрежесінде орындалуына талап етіп ұйымдастыра білді. Колледж оқу корпусына 45жылдан бері жасалынып жатырған күрделі жөндеудің сапалы, жүйелі жүруіне де басшы ретінде қадағалап, жауапкершілікпен жанашырлық танытты. Сандуғаш Орекенқызының еңбек жолындағы толағай табыстарға қол жеткізу үшін жұмсаған күш жігері мен еңбегінің алдағы уақытта тек зейнетін көруіне тілектеспіз. Сіздің еңбек баспалдағыңыз кейінгі жастарға үлгі ретінде қызмет етсін дегіміз келеді.