Колледж әдістемелік бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес оқытушылардың цифрлық білімдерін көтеру мақсатында «Оқытушылардың ІТ құзіреттілігін арттыру» тақырыбында әдістемелік оқу-жаттығу семинары өткізілді. Семинар бағдарламасында:
- Біліктілікті арттыру курстары бойынша (НЗМ) Халыкова.Г.А, Каппасова Ш.Е мәлімдеме жасады.
- Байқау, конкурстар бойынша Тюрикова М.Л мәлімдеме жасады.
- Тренигтік ойындарды колледж психологы Нүркенова Г.Д өткізді.
- «ZIP Grade» платформасында тест сұрақтарын құрастыру бойынша тәжірибелік сабақты колледж оқытушысы Едресова К.өткізді.
- Emaze платформасында 3D форматта слайдтар және D ID генераторында жасанды интеллект жасау бойынша суреттерді сөйлету тәсілі бойынша колледж әдіскері Оразова Г.К шеберлік сыныбын өткізді.
Оқытушылар барлығы өз ноутбуктарымен осы платформаларда жұмыс жасауды үйреніп, практикада қолдану жолдарын қарастырды. Оқытушыларға күнделікті сабақта немсе ашық сабақта қолдануға болатын тиімді және қолжетімді платформаларда жұмыс жасау аса көп қиындық тудырған жоқ. Ең бастысы қолдану барысын жүзеге асыруды қолға алса, алдағы уақытта ең кретивті сабақтар өткізуге толық мүмкіндік бар.
Жаңа білімді игерген оқытушылар осындай тәжірибелік семинарды алдағы уақытта да жоспарларуды ұсынды.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1562-distemelik-o-u-zhatty-u-seminary.html#sigFreeIdb322d7b525