Колледжде дәстүрлі түрде қызметкерлер арасында спорттық ойындар ұйымдастырылады
Колледжде жыл сайын студенттердің демалысы кезінде оқытушылардың бос уақытын ұйымдастыру шаралары бойынша, қызметкерлерге арналған спорттық жарыстар ұйымдастырылады.
Биылғы жылы да сол дәстүрге сәйкесті бүгін 10 қаңтар күні спорттық шаралар ұйымдастырылды. Шараға 5 команда қатысты.
Олар: Әкімшілік, шаруашылық, жатақхана, саз бөлімі, Бастауыш білім беру және мектепке дейінгі білім беру пәндік әдістемелік комиссия мүшелерінен құрылған командалар өзара жарысқа түсті.
«Тұлпардан тұлпар озар жарысқанда» -деп әріптестер арасында тартысты спорттық бәсекелестік болды.
Топ құрамының жас ерекшелігі жастар мен бірге жасы 45 –тен асқан қызметкерлер қамтылуы сұралды. Жарыс нәтижесінде:
1 орын Әкімшілік тобы
2 орын Гуманитарлық пәндік әдістемелік бірлестігі
3 орын Бастауыш білім беру және мектепке дейінгі тәрбие пәндік әдістемелік бірлестігі
«Ең белсенді топ»Номинациясымен Жатақхана командасы
«Жеңіске деген жігер» Номинациясымен Шаруашылық командасы
«Ең шапшаң»Номинациясымен Саз бөлімі командасы
Жеңімпаздарды колледж директорының мадақтамалары және кәсіподақ комитетінің қаржылай сыйлықтарымен марапатталды.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1568-kolledzhde-d-st-rli-t-rde-yzmetkerler-arasynda-sportty-ojyndar-jymdastyrylady.html#sigFreeIdca7c949165