Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Назипа Құлжанова атындағы  Торғай гуманитарлық  коледжінде 27 ақпан күні жоспарлы түрде  Қамқоршылық кеңесі мүшелерімен жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында жұмыстың негізгі бағыты, әдістемелік ұсыныстар мен  қамқоршылық кеңесті құру бойынша  нормативтік-құқықтық өзгерістермен, жұмыс жоспарымен  таныстырылып, колледж директоры Мамбетов Руслан Еликбаевич сөз сөйледі және Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Арқалық қалалық «AMANAT» партиясы филиалының басшысы Тасмағанбет Сабыржан Нұрсалиұлы сайланды.  Жиналысқа Зумм платформасында Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының маманы қатысты.