Облыстық білім басқармасының қолдауымен «Серіктестік жобасы» аясында Қостанай гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының білім алушыларымен 27 ақпан 2024 жылы «Ата-аналармен және білім беру ұйымының қызметкерлерімен өзара әрекеттесу»атты дәстүрден тыс ата-аналар жиналысын ұйымдастыру байқауы өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты- отбасы жағдайында мектеп жасына дейінгі балалардың ойын қызметін жандандыру мәселесі бойынша ата-аналардың педагогикалық құзыреттілігін арттыру. Дәстүрден тыс ата-аналар жиналысын ұйымдастыру. Байқауға әр колледжден 2 білім алушы қатынасты.
Екі колледжден бірлесе әділқазылар алқасы сайланып, қатынасқан 4 білім алушының өздері дайындаған ата-аналармен дәстүрден тыс жиналыстың түрлерін бағалады.
Қорытындылай келе,1 орынды Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің 2 курс МД-22 тобының білім алушысы Ерлан Гүлім, жетекшісі Насрединова А.Е., Мд-21 тобының білім алушысы Төленді Гүлнұр, жетекшісі Хасенова З.Р. сертификатқа ие болды.
№ | Название | Скачать |
---|---|---|
1 | Диплом | ![]() |