Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының білім алушылары мен тәжірибе әдіскерлері «Серіктестік жобасы» бойынша Қостанай гуманитарлық колледжіне 28.02.24 ж. «Қазақтың ұлттық ойындары арқылы салауатты өмірге тәрбиелеудің мүмкіндіктері» тақырыбында тәжірибе алмасу дөңгелек үстелін ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелді әдіскерлер А.Е. Насрединова мен Ф.Е. Ербосынова өткізді. Екі колледждің де білім алушылары оқу қызметі кезінде ұлттық ойындарды қолданудың әдіс-тәсілдерін, ережесімен бөлісіп, қазақтың ұлттық ойындарын көрсетті. Белсене араласқан білім алушыларға мақтау қағазын тапсырды.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1608-aza-ty-ltty-ojyndary-ar-yly-salauatty-mirge-t-rbieleudi-m-mkindikteri-baj-auy.html#sigFreeIda20f39ee25