1 наурыз -Алғыс айту күні. Бұл-береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп, ризашылығын білдіреді. Сондай-ақ татулық, ынтымақ, достық сынды қастерлі құндылықтар жан-жақты дәріптеледі және дами түседі. Осы орайда, Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледж директоры Мамбетов Руслан Еликбаевич қаламыздағы әлеуметтік серіктестерімізге «Алғыс айту» күнімен құттықтап, ризашылығын білдіре отырып, алғыс хат табыстады. Серіктестеріміз: Ш.Уәлиханов атындағы № 1 жалпы білім беретін мектебінің директоры - Садуов Нурлан Талаповичке, Кейкі батыр атындағы № 4 жалпы білім беретін мектебінің директоры-Мукашева Кульназия Жумабаевнаға, А. Құнанбаев атындағы № 6 мектеп гимназиясының директоры- Козбагарова Карлыгаш Серикбаевнаға, «Алпамыс» бөбекжайының меңгерушісі-Едиресова Бакыткул Сартаевнаға, «Ақбота» бөбекжайының меңгерушісі-Турсунова Ляззат Абдешевнаға, «Балдырған-А» ЖШС меңгерушісі-Мұқанова Марина Азаматқызына, «Золотой ключик» бөбекжайының меңгерушісі-Воронова Наталья Юрьевналар алғыс хатпен марапатталды. Екі мекеме арасындағы салынған достық көпір білім алушыларымыздың оқу-тәжірибе барысындағы және басқа да көздеген шаралармен жалғасып серіктестігіміз нығая түсетініне сенімдіміз.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1616-kolledzh-ben-seriktes-yntyma-tasty-y.html#sigFreeId3b4e3389c7