Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылған айлық жоспары шеңберінде 04.06.24ж күні колледж студенттеріне «Өркениет» пікірталас клубының ұйымдастыруымен «Нашақор болмаудың 100 себебі» атты пікірталас турнирі өткізілді. Пікірталас Британдық форматта өтті. Шараға БМ-12 «Фракция фракциясы», БМ-22 «Втораштар», МД-11 «Бірлік тобы», ДМ-12 «Намыс» топтарынан жасақталған 4 фракция қатысты. Шараға төрелікті «Өркениет» пікірталас клубының төрайымы, қалалық, облыстық пікірталас турнирлерінің жүлдегері Оспан Аружан жасады. Пікірталас қарары: Бп: жастар арасынан наркалогияның тез дамуына интернет желісі кінәлі деп есептейді. Пікірталас қорытындысы бойынша БМ-11 тобы үздік деп танылды. 2 ранг ДМ-12 тобы, 3 ранг БМ-22 тобы иеленсе 4 ранг МД-11 тобы қанжығалады. Пікірталастың «Үздік спикер» мәртебесі Асанбай Гүлназымға бұйырды. Турнир студенттердің сөйлеу мәдениеті мен тақырып төңірегіндегі білімдерін салмақтады. Қатысушылар ойларын ашық, еркін айтуымен ерекшеленді. Сөз сараптауы, ой таластыру мәдениеті арқылы жоғары ойын деңгейін көрсетті. .
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1706-nasha-or-bolmaudy-100-sebebi.html#sigFreeId2e54daffc8