Мемлекеттік рәміздер күніне арналған шаралар кешені колледжішілік «Рәміздерім мақтанышым» студенттер жиынына ұласты. Рәміздер тарихына арналған бейне роликтен бастау алған шарада БМ-21, БМ-22 тобының студенттері рәміздер туралы өз өлеңдерін оқыды. «Көк тудың желбірегені» әні барлық студенттермен бірге орындалып, рәміздердің шығу тарихына қатысты викториналық сұрақтар қойылды. Сұрақтарға бірінші болып жауап берген қатысушылар тәтті сыйлықтарға ие болды. Жиын соңы Мемлекеттік әнұранды орындаумен аяқталды. Шара студенттердің мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттырып, рәміздер төңірегіндегі білімдерін кеңейтуге септігін тигізді.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1709-yaapvp.html#sigFreeIdcfa119a1c1