Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

5 Қыркүйек ҚР Тілдер мерекесіне орай колледжде іс-шаралар басталуда.
Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Сейдағазина Гүлбахрам Қасымқанқызы  «Be SMART»атты интеллектуалдық сайыс ұйымдастырды . Сайысқа БМ-32 тобының студенттері белсене ат-салысты.
Сайыстың негізгі мақсаты:
Ағылшын тілін үйренуде оқу мотивациясын арттыру.
"Ұлыбритания" тақырыбы бойынша оқылған материалды қайталау және қорытындылау, білімалушылардың бұрын оқылған грамматикалық тақырыптар бойынша білімдерін тексеру, студенттердің ой-өрісін кеңейту. Пәнаралық байланыстарды қолдану, тілдік болжамды дамыту, топпен жұмыс істеуге үйрету.