Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың 125 жылдық мерейтойын өткізу бойынша бекітілген жалпыреспубликалық жоспарды орындау шеңберінде бүгін Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде студенттер арасында "Қаныш Сәтпаев - алғашқы қазақ академигі тақырыбында " танымдық сағат өткізілді. Шара шеңберінде топтарға  "Қаныш Сәтбаев кім?" деген сұраққа зерттеу жүргізіп келу тапсырылды. Нәтижесінде топтар төмендегідей тапсырмаларды орындады.

1 топ. Қаныш Сәтбаев кім? деген сұраққа постер құрады

2 топ. Қ.Сәтбаев атауы берілген атаулар? Деген сұрақты қарастырады

3 топ. Қ.Сәтбаев еңбектері туралы постер жасап, қорғады.

Қ,Сәтбаев туралы қызықты деректерді " өрмекші торы" әдісі арқылы ашу тапсырмасын студенттер қызығушылықпен орындады. Танымдық сағаттар студенттер қазақ академигінің біз білмейтін оқиғалармен бөлісті. Шараны ұйымдастырып өткізуші колледж оқытушысы Издибаева Дариға Муратовна .