Бүгін Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде жұмысшы мамандықтарды танымал етуге жаңа мүмкіндік берген "Мамандығым мақтанышым" жұмысшы мамандықтар жылының ашылу салтанаты өткізілді. Шараның басты мақсаты Жұмысшы мамандықтар жылында жасалатын жұмыстар жайлы ақпараттандыру және жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру. Шараға қаламыздағы Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін орта мектеп, А. Құнанбаев атындағы жалпы білім беретін №6 орта мектеп және Б. Майлин атындағы №3 орта мектеп 9 және 11 сынып мектеп бітіруші түлектер мен мектеп мұғалімдері шақырылды. Сондай ақ, шараның құрметті қонағы ретінде колледжді бітіріп бүгінде мекеме басшысы болып отырған табысты түлектеріміз, Шалабаев Рүстем Асанханұлы колледждің 1995 жылғы түлегі, қызыл диплом игері, Қазақ күресінен спорт шебері, Бірнеше дүркін Республикалық облыстық жарыстардың жеңімпазы , Родина ауыл әкімі, Қайрат спорт кешенінің директоры қызметтерін атқарған бүгінде «Жігер» стадионының директоры және денешынықтыру пәні мұғалімдігінен мектеп директорына дейін өз қабілетімен көтерілген бүгінде қаламыздағы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының директоры Қабылдин Ербол Жаңбыршыұлы қатысты. Колледж студенттерін тәжірибие алаңымен қамтамасыз етіп отырған өндіріс орнындағы әлеуметтік серіктестеріміз Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін орта мектеп директоры Мукышева Кульназия Жұмабаевна, А. Құнанбаев атындағы №6 мектеп -гимназиясының директоры Козбагарова Қарлығаш Серикбаевна, Б.Майлин атындағы №3 орта мектеп директоры Ахатов Нұрдаулет Ахатұлы, колледж қамқоршылық кеңесінің беделді мүшелері, қамқоршылық кеңесінің төрағасы "АМАNАТ" партиясы қалалық филиалының төрағасы Тасмағанбетов Сабыржан Нұрсалиұлы қатысты. Мерекелік шара бағдарламасында колледж оқу ғимаратына экскурсия жасалып, мамандықтарға шолу көрсетілімдер мен шеберлік сабақтары, релакс бөлмесінде шағын демалыс ұйымдастырылып,тренингтік жаттығулар өткізілді. " Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі " мамандығының студенттері келген мектеп түлектеріне сабақтан үзінді өткізіп, түрлі көрнекіліктерді қолдану арқылы ұлттық арқан тартыс ойынын өткізсе, "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту " мамандығының студенттері "Шалғы" театрын қолданып ертегі қойылымын көрсетті. "Сабау" ойыны арқылы "Келіншек күйін" ойнатып сергіту сәтін ұйымдастырды, "Дене тәрбиесі және спорт" бөлімінің студенттері түрлі спорттық ерекше трюк жаттығуларын көрсетті. Колледждің ерекшеліктерінің бірі ұлттық аспаптар оркестірінің жаттығу сабағы көрсетіліп, қатысушыларға музыкалық шығарма тыңдалды. Экскурсия мәжіліс залында мерекелік салтанатты шараға ұласты.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1920-mamandy-ym-ma-tanyshym-zh-mysshy-mamandy-tar-zhylyny-ashylu-saltanaty.html#sigFreeId7b8aa41891