Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Қостанай облысының прокуратурасымен бірлесіп әзірленген "Табысқа апарар жол" бағдарламасы бүгін Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде жалғасын тапты. Алдын ала құрылған кестеге сәйкес колледжге Арқалық көпсалалы колледж студенттері жетекшілерімен келді. Бағдарламада: Колледжге экскурция жасалып мамандықтар таныстырылды. Көрсетілім сабақтары мен қатысушыларға шеберлік сыныптары өткізілді. "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" мамандығының студенттерінің орындауында "Шалғы" театры қойылымы тыңдалды. Бағдарлама мәжіліс залында колледж белсенділерімен бірге колледж психолігінің тренингтік жаттығулары мен ойындары өткізілді. Шара соңыңда "Қызықты адаммен диалог" алаңы жасалып колледждің табысты түлектерінің бірі қазіргі таңда, колледжде КДМ жетекшісі болып жүрген Оразов Ниязбек Рамазанұлының "Жетістік баспалдағы" таныстырылды. Шара кері байланыспен қорытындыланды. Кері байланыс "Еркін микрафон" тәсілімен аяқталды. Шараның студенттерді табысқа жетуге жетелеуде өзіндік орын алары анық.