Колледж жатақханасы педагогикалық ұжымының ұйымдастыруымен, жұмысшы мамандықтар жылына арналған «Мамандығым – мақтанышым» атты дөңгелек үстөл өткізілді.
Шара мақсаты: Студенттердің кәсіби-танымдық қызығушылықтарын дамыту және әр мамандық иесін таныстыра отырып,кез келген мамандыққа құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Қатысушы студенттеріміз өз мамандықтары туралы таныстырылым презентациясын жасады, кәсіби қызметінің ерекшеліктерін талқылады. Іс-шара барысында қызықты тренингтер өткізіліп,мамандықты дұрыс таңдаудың маңыздылығы жайлы пікір алмасу барысында «Әр мамандықтың өзіндік қызықтары мен ерекшеліктері болатынын дәлелдеді. Өз мамандықтары на деген құрметін көрсетіп, әсерлерімен бөлісті. Дөңгелек үстөлде талқыланған мәселелер қоғамымыздың түрлі әлеуметтік маңызды мәселелерін қозғап, бірінші курс студенттеріне нақты ұсыныстарды шешуге бағыттады. Әңгіме барлық қатысушылар үшін белсенді, қызықты және өте мазмұнды болды.Бұл шараның өткізілу мазмұны «Мамандықтың жаманы жоқ» екеніне көз жеткізді.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1926-mamandy-ym-ma-tanyshym-atty-d-gelek-st-l-tkizildi.html#sigFreeIdec0de04eff