Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

14 наурыз "Көрісу күні" "Амал күні" мерекесіне орай колледж әкімшілігі әлеуметтік серіктестеріміз: А.Құнанбаев атындағы №6 мектеп гимназиясы, Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебі, "Ақбота"бөбекжайын аралап, көрісіп, мерекесімен құттықтады. Құшағын жая қарсы алған серіктестер ұлттық тағамдарын ұсынып, ән мен күйден шашу шашты. Мекеме басшылары мерекелік құттықтау ризашылықтарын білдіріп, ұлттық мерекеміздің маңыздылығы мен ерекшелігін айшықтады. Ата әжелеріміздің ізгі тілегі мен ақ батасы мерекенің   шұрайын келтірді. Шара барысында колледж директоры Мамбетов Руслан Еликбаевич әлеуметтік серіктестеріміз: Қозбагарова Карлыгаш Серикбаевнаға,Мукашева Кульназия Жумабаевнаға, Турсунова Ляззат Абдешевнаға, Ахатов Нұрдаулет Ахатұлына Қостанай облысы әкімдігі  білім басқармасының басшысы Ибраева Айман Еламанқызының алғыс хатын табыстады.