Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі «Жұмысшы мамандықтар жылына» арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 курс білім алушыларына «Ұстаз- жас ұрпақтың рухани сәулеткері» тақырыбында Кейкі батыр атындағы № 4 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімдері Ибраева Жансая Жаксыбаевна және Баязитова Гулим Сейтбековнамен сұхбаттасу дөңгелек үстелін өткізді. Дөңгелек үстелге келген қонақтар білім алушыларға ұстаздық жолдың қиындығының қыр-сырын түсіндіре отырып, түрлі ситуациялық сұрақтарға жауап берді. Болашақ ұстаз болатын түлектерімізге кәсіби мамандықтың қыр-сыры туралы бағыт-бағдар әдіс-дағдыларын үйретті.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1972-staz-zhas-rpa-ty-rukhani-s-uletkeri-2.html#sigFreeId35565f8a75