Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

«Ұлт болашағы - білікті маман»
Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде 2025 жылдың 9-10 сәуір аралығында «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі», «Дене тәрбиесі және спорт», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандықтарының 3-4 курс БМ-31, БМ-42, БМ-43, ДМ-31, ДМ-32, ДМ-21, МД-31 топтарының білім алушылары «Ұлт болашағы - білікті маман» тақырыбында мемлекеттік тәжірибенің қорытынды конференциясы ұйымдастырылды.
Конференцияның негізгі мақсаты- білім алушылардың мемлекеттік іс-тәжірибеден алған білімдерін жүйелеу, тиянақтау, мемлекеттік тәжірибеден жинақтаған іс-қағаздарын қорғау.
Конференцияға әлеуметтік серіктестеріміз «Ақбота» № 2 бөбекжайының тәрбиешісі Тапай Диана Жанарбайқызы «Болашақ педагог мамандарға тәжірибелік бағыт-бағдар беру» тақырыбында баяндама жасап, білім алушыларымыздың мемлекеттік тәжірибеден алған білімдеріне ризашылығын білдірді. Конференцияға келген мектеп және балабақша өкілдеріне бітіруші түлектеріміз мемлекеттік тәжірибе барысында әдістемелік көмек көрсеткендері үшін алғыстарын айтты.