Биылғы жылдың атаулы жылдар қатарында айшықталуы, ұлы бабаларымыздың парасатты өмірін кейінгі ұрпаққа үлгі ету, насихаттауға берілген мүмкіндік деп білемін. Бұл орайда Ұлы даланың ұлағатты ойшылдары Абай мен Әл-Фараби мерейтойларының тұспа-тұс келуін рухани сабақтастық деп бағалауымыз керек. Бұл – тарихымыздағы тағылымды белестің бірі.Атаулы мерекелер шеңберінде ұйымдастырылып жатқан шаралардың барлығы, қазақ халқынан шыққан ұлы тұлғалардың өмір жолын кейінгі буын өкілдеріне насихаттау, жастарға мативация ретінде қолдану.
Атаулы мерейтой қарсаңында «Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» КМҚК жанынан құрылған «Жасампаз - жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы шеңберінде «Әл-Фараби мұрасы» атты өңірлік ғылыми-практикалық конференциясы болып өтті.
Шараның өтілуіне тапсырыс беруші, Арқалық қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ.
Конференция мақсаты:
Ұлы философ Әбу Наср әл-Фарабидің Қазақстанның жаһандық тарихының шығармашылық мұрасының рөлін және мәнін талқылау үшін алаңды ұйымдастыру, қазақстандық қоғамның гуманистік құндылықтарын тәрбиелеу контекстіндегі еркін сүйгіш қазақ халқының гуманистік мәдениетінің терең тамырлары мен бастауларын көрсету, толеранттылық мәдениет пен түрлі мәдениеттердің дәстүрлерін құрметтеу, Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" бағдарламалық мақаласы шеңберінде көп этникалық және көп конфессиялы Қазақстандық қоғамның тұрақтылығын көрсету.
Жобаны іске асыру орны (облыс аумағындағы орналасқан қала, аудан, ауылдық округ атауы) Арқалық қаласы.
Конференция онлайн режимде өткізілді. Шараға Қостанай өңірі, Жезқазған және Әл Фарабидің туған жері Отрардан тарихшы, Фараби әлемін зерттеушілер мен білікті мамандар қатысты. Конференцияға үш бағыт бойынша, жалпы саны 70 ке жуық материал келіп түсті. Конференция бағдарламасы екі күнге жасалған. Бірінші күні бағдарламада СЕКЦИЯ ЖҰМЫСЫ жоспарланған. Секция жұмысында барлық бағыттар бойынша үздік деген жұмыстар қорғалды.
«ӘЛ ФАРАБИДІҢ МЕДИЦИНА САЛАСЫНА ҚОСҚАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ»
І БАҒЫТ бойынша «ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА» тақырыбында Кейкі батыр атындағы № 4 жалпы орта білім беретін мектебінің биология пәні мұғалімі Кемпирова Асемгуль Сайлаубековна,
«ӘЛ- ФАРАБИДІҢ ЖАҺАНДЫҚ ҒЫЛЫМҒА, МӘДЕНИЕТКЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ» ІІ БАҒЫТ бойынша «ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ЖАҺАНДЫҚ МАТЕМАТИКАЛЫҚ МҰРАСЫ» тақырыбында Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің «Бастауыш білім беру» мамандығының 4 курс студенті Әлімбай Мәдина, жетекшісі: Абишева Роза Жұбатқанқызы арнайы пәндердің оқытушысы, ІІ БАҒЫТ бойынша «ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАЛАРЫН ФИЗИКА ПӘНІНДЕ ҚОЛДАНУ» тақырыбында Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің физика пәнінің мұғалімі. ҚР оқу ісінің үздігі,әдіскер,Д.А.Қонаев ордені, "Алтын адам" төсбелгісінің иегері Кенжегалиева Сауле Капсултановна
«ӘБУ НАСЫР ӘЛ ФАРАБИ: ӨМІРІ ШЫҒАРМАЛАРЫ» ІІІ БАҒЫТ бойынша «ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ» тақырыбында Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің арнайы пәндердің оқытушысы Жайлаубаева Индира Жұбатқанқызы баяндама жасады.
Екінші күні ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫС жоспарланған уақытта өткізілді. Пленарлық отырыста Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің директоры Алматова Сандуғаш Орекеновна алғы сөз алып отырысты жүргізді.«ӘЛ-ФАРАБИ ТАНЫҒАН ӘЛЕМ» тақырыбында Түркістан облысы, Отырар ауданы Қарғалы ауылы«С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Бердияр Сауран Сәрсенбайұлы, «ӘЛ-ФАРАБИ ТҮСІНІГІНДЕГІ БІЛІМ МЕН ЗЕРДЕ» тақырыбында Л. Н. Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының сектор меңгерушісі Амирхамзина Гулжанат Хасенгалиевна, «ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАЛАРЫНЫҢ АДАМЗАТ ӨРКЕНИЕТІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ» тақырыбында «Қостанай педагогикалық колледжі» КМҚКқоғамдық пәндер оқытушысы, магистр Ералина Айнур Ериковна, «ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ»тақырыбында Арқалық қаласы №2 Облыстық әмбебеп-ғылыми кітапханасының оқу залының меңгерушісі Исабекова Лаззат Баяхметқызының баяндамасы тыңдалып, «Арқалык қаласындағы № 2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ, ұжымы әзірлеген «ӘЛ-ФАРАБИДІҢ АШЫЛМАҒАН ӘЛЕМІ», «ҰСТАЗДЫҢ ОРАЛУЫ» КІТАППЕН САЯХАТ»бейне ролигімен абонемент бөлімінің кітапханашысы Жақия Гүлназ таныстырды. Конференцияға қатысушылар көтерілген мәселелердің құндылығын, Ұлы философ Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмір дастанын, білімге деген құлшынысын, шығармашылығын, тарихын, жаратылысын сипаттайтын факторларды зарттеп, оны жас ұрпақ тәрбиесінде пайдаланудың тиімділігі мен келешегін қарастыра отырып, конференция материялдарының маңыздылығы талқыланды.
Конференция жұмысы нәтижесінде Ұлы ғұламаның еңбектері мен жаңалықтарын, данышпанның кешегі келбеті мен бүгінгі бейнесін жастарға насихаттау мақсатында төмендегі мәселелер ұсынылды:
- Кәсіптік білім берудің мазмұнын, оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру бағытында конференция материалдарын педагог мамандар қызметіне пайдалану;
- Ғылым мен мәдениет саласында республикалық әріптестікті дамыту, өзара іс-қимылдың жаңа түрлерін қалыптастыру;
- Жастардың белсенді азаматтық орнын анықтап, олардың бойында әлеуметтік жауапкершілікті, патриоттық сезім мен лидерлік қасиеттерді қалыптастыру.
- Жастардың білімге, ғылымға деген әлеуетін көтеруде Әл-Фарабидің дана жолын үлгі ету.
- Әл-Фарабидың еңбектері мен шығармаларын кейінгі жас толқынға сабақ үстінде, сыныптан тыс іс-шараларда тативациялық құрал ретінде насихаттап, пайдалану.
Оқытушылар мен білімалушыларға арналған «Әл-Фараби мұрасы» атты өңірлік ғылыми – практикалық конференциясына ұсыным пленарлық отырыста қабылданды.
Сөз соңында айтарым, Әл-Фараби заманында атеистік заманның өршіп тұрған кезіне қарамастан, қасиетті құран кәрімде жазылған, өркениет ілімін ұстанды. Ұлы ұстаз ғылымның басты мұраты адамзат игілігіне қызмет ету деп білді. Оның пікірінше, ғылым өркениетті дамыту жолында нақты пайда әкелуі керек. Ғылымның дамуын философия, мораль және діни нормалармен үндестік арқылы қарастыру – ойшыл дүниетанымының басты ерекшелігі. Ол қазіргі таңда ең өзекті болып тұрған, ұлттың рухани мәдениетін дамытуға күш салды.
Әл-Фарабидің жалғыз басында: данышпан ұстаз, энциклопедист ғалым астрономия, математика, логика, музыка, медицина, жаратылыстану, социология, лингвистика, поэзия, риторика, философ тағы сол сияқты қаншама атақ даңыққа ие болған. Өзін осы ғылымдардың кәсіби маманы ретінде дәлелдеген. Қазіргі таңда екі мамандықтың басын қоса алмай жүргеніміз еш құпия емес. Әл-Фарабидің парасаттылығы бірнеше ғылымның басын бір арнаға тоғыстырған ойшыл. Кейінгі жастар үшін бұл мүмкін емес сияқты. Тіпті орта жастағы азаматтарымыздың өзі мұнын мүмкін екенін мойындай алмайтыны еш дәлелді қажет етпейді. Бұл Әл-Фарабидің парасат айнасы. Әлемдік және отандық философия тарихында ерекше орны бар Әл-Фараби, адамзаттың рухани мәдениетіне орасан зор үлес қосқан кемеңгер ойшыл біздің мақтанышымыз.
Оразова Гулхашима Куандыковна
«Жасампаз жастар ұйымы»
қоғамдық бірлестігінің төрайымы.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/323-l-farabi-mirini-parasat-ajnasy.html#sigFreeId3f02fb6ffd