«WorldSkills-2021» чемпионатының
«Бастауыш білім беру» құзіреттілігі бойынша колледжішілік іріктеу кезеңі болып өтті
2021 жылдың 14 сәуір күні «Бастауыш білім беру» мамандығы құзіреттілігі бойынша сайыскерлер сынға түсті.
Чемпионат «Жаратылыстану және педагогика» ПӘК бірлестігі онкүндігінің 8-ші күні өткізілді.
«Бастауыш білім беру» құзіреттілігі бойынша 5 қатысушы сұраныс берді. Чемпионатқа 4 білімалушы қатысты 1 білімалушы денсаулығына байланысты чемпионатқа қатыса алмады.
Чемпионат қатысушылары төмендегі 5 модул бойынша сынға түсті.
А модулінде «Электронды портфолио» арнайы таңдалған сайтта ғана, өз портфолиосын ағылшын тілінде құрып, ағылшын тілінде 10 минут қорғады;
В модулі бойынша турнир барысында таңдалған бір пән бойынша (жаратылыстану, математика, ана тілі т.б), волонтерлермен «Сабақтан үзінді» 15 минут өткізді;
С модулі бойынша чемпионат барысында таңдалған бағыт бойынша сыныптан тыс тәрбие сағатының жоспарыен 10 мин таныстырды;
Д модулі бойынша «Педагогикалық жағдаят» сұрақтарын талдап, обекті мен субектісін анықтап, өз көзқарасын 10 минут дәлелдеп шықты.
Е модулі бойынша «5 минутта үйретемін» тапсырмасы бойынша қатысушы қолданбалы заттардан 5 минут ішінде бұйым жасауды үйретіп шықты.
Бұл құзіреттілік бойынша қатысушылар тізімі:
- Сәлімжан Мадина Ерланқызы БМ-31 тобының студенті. Жетекшісі Назарова Гулмира Куандыұовна
- Қалдыбайқызы Аруна БМ-23 тобының студенті жетекшісі Назарова Гулмира Куандыковна
- Васецкая Любовь Евгеньевна БМ-42 тобының студенті жетекшісі Оразова Гулхашима Куандыковна
- Сәтбай Айзат Сәтбайқызы БМ-31 тобының студенті. Жетекшісі Ақылбекова Луиза Бекетовна
Чемпионатқа төрелік еткен қазылар алқасы:
- Қазылар алқасының төрайымы колледж директоры Алматова Сандуғаш Орекеновна
- Тәуелсіз сарапшы №1 мектеп бастауыш сынып мұғалімі Бимахан Гулназ Мағауқызы
- Колледж директорының өндірістік жұмыстар бойынша орынбасары Нургазиева Бахтира Ақансеріқызы
- Колледж директорының оқіу-әдістемелік қызметі бойынша орынбасары Едресова Камшат Ғалымжанқызы
- Колледж ағылшын пәнінің оқытушысы Жургимбекова Айнура Бериковна.
Чемпионат тартысты өтті, қатысушылар жоғарғы деңгейде дайындалған. Тәжірибелі кәсіби маман екендіктерін дәлелдеді.
Нәтижесінде
Бас жүлдені Сәтбай Айзат Сәтбайқызы БМ-31 тобының студенті, Жетекшісі Ақылбекова Луиза Бекетовна;
І орын Васецкая Любовь Евгеньевна БМ-42 тобының студенті, жетекшісі Оразова Гулхашима Куандыковна;
ІІ орын Сәлімжан Мадина Ерланқызы БМ-31 тобының студенті, жетекшісі Назарова Гулмира Куандыковна;
ІІІ орын Қалдыбайқызы Аруна БМ-23 тобының студенті иеленді, жетекшісі Назарова Гулмира Куандыковна.
Анықталған жүлдегерлер «WorldSkills-2021» чемпионатының облыстық деңгейде осы екі мамандық бойынша колледж намысын қорғауға ұсынылды. Турнирге қала мектеп бастауыш сынып мұғалімдері мен «Алпамыс» балабақшасының әдіскерлері мен тәрбиешілері колледж әкімшілігі сарапшы ретінде тартылып, турнирге төрелік жасады.
Жеңімпаздарымыздың келешегінен үлкен үміт күтеміз. Педагог мәртебесін көтеруде өз үлесін қосады деген сенімдеміз және алдағы облыстық чемпионатта жеңіске жетуіне жұмыс жасаймыз.
Оразова Гулхашима Куандыковна – Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжінің әдіскері
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/601-worldskills-2021.html#sigFreeId5eadebcbc9