Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде кәсіптік бағдар беру онкүндігі шеңберінде «Өркениет» дебат клубының ұйымдастыруымен І курстар арасында «Ғылымға бастау. Мамандықтар әлемі» тақырыбында пікір-талас турнирі өткізілді. Дебатты «Жалынды жастар» ұйымының жетекшісі Оразов Н.Р. ұйымдастырды. Сайыс турнирінде І орынды – «Қазақстан» тобы, ІІ орынға – «Болашақ» тобы, «Үздік спикер» БМ-12 тобының білім алушысы Нұрлан Аружан иеленді. Болашақтың жарқын, келешектің айқын болуы жастардың қолында. Қоғамдық мәселелермен бой көтерілген сайысқа қатысып, нық сеніммен алға басқан жастарымызға алғысымыз шексіз.
Нургазиева Бакытира Акансериевна
директордың оқу өндірістік жұмысы
жөніндегі орынбасары
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/602-5613321.html#sigFreeId2c2279ca06