Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде  «Педагогика және жаратылыстану пәндік әдістемелік бірлестігінің онкүндік аясында «Ұрпақ тәрбиесі-болашақ тірегі» атты тақырыпта 12.04.21  қашықтан түлектермен кездесу кеші өтті. Кездесуді колледж оқытушылары Хасенова З.Р., Білісбекова Д.Б., Нургазиева Б.А. ұйымдастырды.

 

Кездесуге колледжімізді 2 және 5 жыл бұрын бітірген қазіргі таңда мамандықтары бойынша қызмет жасап жатқан түлектеріміз-Қайыржан Жұлдыз Айтбайқызы «Алпамыс» балабақшасының тәрбиешісі,Қабден Жансая Мырзағазықызы-Қостанай қаласы  № 9 орта мектебінің даярлық тобының тәрбиешісі, Оразова Азиза Бейсенбайқызы-Арқалық педагогикалық институтының студенті  және «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының МД-31, МД-42, МД-43 топтарының білім алушылары қатынасты. Бітіруші  топтарымыз түлектерге сұрақтар қойып, сұақтарына жауап алды. Түлектерімізге шығармашылық табыс тілейміз!

 

                                                                  Нургазиева Бакытира Акансериевна

                                                                  директордың оқу өндірістік жұмысы

                                                                  жөніндегі орынбасары