Үгіт-насихат жұмыстары
Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда. 14.04.21 ж. Амангелді ауданына қарасты Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің 9-11 сынып түлектерімен үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектепке колледждің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Мамбетов Р.Е., саз бөлімінің оқытушысы Аюбеков Р.С. ұйымдастырды. Мектеп бітіруушілерге оқуға түсудің жаңа ережелері, мамандықтар туралы, тапсыратын құжаттар мен емтихан кестелерімен таныстырды. Сонымен қатар, мектеп бітірушілерге үлестірмелі қағаздар таратылды.
Нургазиева Бакытира Акансериевна
директордың оқу өндірістік жұмысы
жөніндегі орынбасары
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/622-git-nasikhat-zh-mystary-2.html#sigFreeIdf5fc0454c9