Бүгін 2021 жылдың 21 мамырында Арқалық қаласы "Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі" базасында "Кәсіптік білім беру саласында рухани жетілген, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының тиімділігі мен маңызы" тақырыбында Қостанай облысы ТжКБ Директорларының кеңесі өтті.
Бұл дәстүрлі түрде өткізілетін ашық алаң, онда өңірдің кәсіптік-техникалық білім беру ортасын жақсарту мәселелері талқыланады. Отырысқа Директорлар кеңесінің төрағасы, «Қостанай ауылшаруашылығы колледжі" КМҚК директоры С.К.Кадыров; Қостанай облысы білім басқармасының ТжКБ бөлімінің басшысы Жумина Ж.С. қатысты.
Пленарлық отырысты Арқалық қаласының әкімі А.Б.Асанов ашты. Бағдарлама бойынша, Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің директоры С.А.Алматова "Нарық сұранысына қажетті, бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудағы рухани жаңғыру бағдарламасының мүмкіндік кеңістігі" тақырыбында баяндама жасады; "Жасампаз" жастар ұйымы ҚБ басшысы, колледж әдіскері Г.К.Оразова колледж жанынан құрылған "Жасампаз" жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің Рухани жаңғыру бағдарламасы негізінде іске асырылған жобалардың нәтижелерімен таныстырды; Сондай-ақ, колледждің әлеуметтік серіктесі Арқалық қаласы Ақбота балабақшасының меңгерушісі М.С.Нұралина "Рухани жаңғыру бағдарламасының аспектілері негізінде, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үдерісі" тақырыбында баяндама жасады.
Колледж жастар ісі жөніндегі комитетінің басшысы Н.Р.Оразов жастарды патриоттық тәрбиелеудегі ұлттық тәрбиенің мүмкіндіктері мен тиімділігі туралы колледж жастарының жұмыс нәтижелерімен таныстырды.
Талқылаудан кейін Қостанай облысының ТжКБ арасында аталған коледждің тәжірибесін облыс көлемінде жалпылау туралы шешім қабылданды. Отырыс тиісті кәсіби деңгейде өтті.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/642-kostanaj-oblysy-kzhtb-direktorlaryny-ke-esi-tti.html#sigFreeId1942f0c822