Сіздерді 1 қыркүйек — жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!
Білім беру ұйымдарында оқу жылы қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, дәстүрлі форматта басталады. Білім алушылар өз колледждерін, достары мен сыныптастарын, ал мұғалімдеріміз оқушыларын сағынды. Барлығы оқу орындарын ашылуын асыға күтті. Әлемдік пандемия білім беру үрдісіндегі мұғалімнің баға жетпес рөлін айқындай түсті. Атап айтсақ, мұғалімнің кәсібилігі, тәжірибесі, балаға деген сүйіспеншілігі мен білім алушының өміріндегі атқаратын рөлі айқындалды. Жаңа оқу жылы әрбір студент, мұғалім және оқытушы, жалпы білім беру саласына қатысы бар әрбір адам үшін қызықты әрі пайдалы болуын тілейміз.
✴ Құрметті әріптестер! Көптен күткен дәстүрлі форматқа оралып, колледж қабырғасында балалардың жарқын күлкілерін есту сіздерді қуанышқа бөлейтінін білеміз. Оқу орындарындағы аудиториялар да қызықты әңгімелер мен зияткерлік пікірталастарға толы болары сөзсіз. Қымбатты білім алушылар, мұғалімдер мен ата-аналар! Сіздерді Білім күнімен құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық тілейміз.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/671-rmetti-stazdar-o-ytushylar-studentter-zh-ne-ata-analar.html#sigFreeIda5b44097e8