Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі ұжымымен бірге, «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты президент жолдауы талқыланды. Жиынның басты спикері колледж оқытушысы Мырзагалиева Айнұр Балғабаевна жүргізді. Президент жолдауын талдауға арналған жиынға -«Нұр Отан» партиясының Арқалық қалалық филиалының кеңесшісі - Рахметов Жандос Ерғазыұлы қонақ ретінде қатысты. Жиынға колледж оқытушылары мен студенттері  қатысты.  Отырыс спикері былғы жолдаудың неше бөлімнен тұратынына тоқталып, білім саласы 3-ші бөлімде талқыланғанын және осы жолдаудың басты 5 басымдылығына  назар аударды. Бұл басымдылықтар жолдауда 5 бастама ретінде ұсынылған. Отырыс қонағы Жандос Рахметов те жолдауға жалпылай шолу жасай кере отбасы банк арқылы тұрғын үй жинағы мүмкіндіктеріне тоқталды. Талқылау барысында колледж білім бөлімінің меңгерушісі Жумагалиева Венера Жумагалиевна  жолдауда назарға алынған атом электр станциясын құрудың маңыздылығы туралы ой бөлісті. Отырысқа қатысушылар спикерлерге өз сұрақтарын қойып, ойларын  ортаға салды. Пандемиядан кеінгі кезеңдегі экономикалық дамуы, отандық IT секторын дамытуы, білім саласы қызметкерлерінің жалақысының өсуі, ең төменгі жалақы көрсеткішінің жоғарылауы, төңірегінде көкейкесті сұрақөтарын қойып, оз ойларымен бөлісті.   Жолдауды талқылау арқылы қатысушылар  жолдау туралы өз ойларын бекітіп, түсініктерін ткеңейте алды. Барлық қатысушыларға алған ақпараттарымен өз ортасында, тобында, командасында және бөліміндегі қызметкерлер мен студенттермен бөлісу ұсынылды. Тәрбие саласы мамандарына, топ жетекшілеріне атаулы іс шараларды жолдаумен сабақтастыра отырып өткізуді жоспарлау тапсырылды. Отырыс қатысушылары: «Жолдаудың жүзеге асырылуына әркім өз септігін тигізуі керек» - деген оймен тарасты.