Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі жатақханасында «Денсаулық күніне» орай өткізілген іс шараның қортындысы

 

Қыркүйек айының алғашқы апталарының алаңда «Шынықсаң шымыр боларсың» ұранымен Денсаулық фестивалі өтті. Аталмыш шараның басты мақсаты салауатты өмір салтын ұстануға, салауатты өмір сүруге,қозғалыс қабілеттерін дамыту және үлестіру, денсаулықтарын қадірлеуге шымыр болуға баулу. «Мемлекетіміздің басты байлығы – ұрпақ саулығы» деп Елбасымыз айтқандай, халықтың денсаулығы басты қазынамыз екендігі рас. Жарыс ән ұранмен ашылды. Іс шараға жатақхананың барлық студенттері қамтылды. Валейбол, баскетбол, шахмат, шашка, қол күрес, асық, тоғызқұмалақ, теннис ойындары өткізілді. Шашка ойынынан қыздар арасында 1 орын Иманғалиева Аружан, ұлдар арасында Жалғасбай Қажұмқан 1 орынды иеленді. Тоғызқұмалақ ойынынан 1-орын иегері Нағашыбай Гүлсезім, 2-орынды Исмагулова Айдана иеленді. Қол күрестен 1 орынды Сансызбай Мұхамеднұр, 2 орынды Теміржанов Нұрсат, 3 орынды Боранбай Қуаныш иеленді.Асық ойынынан 1 орын Нұриденов Ғабиден, 2 орын Сайлаубай Ақжол, 3 орын Сабыр Насыр иеленді. Шахматтан АрПИ студенті Сейтен Рауан 1 орын иеленді. Теннис ойынынан АрПИ студенті Өмірзақ Айда жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар  мақтау қағаздарымен  марапатталады. Уа халқым назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сауда, Құр айтпаған ұлы Абай данамызда –дей отырып, барлығыңызға дендерңіз сау болсын деген тілекпен сайысымызды өз дәрежесінде аяқтадық. Бағдарламада жоспарланған жоспар орындалды. Барлық қатысқан топтар жақсы нәтиже көрсетті.

13.09.2021ж