Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Жатақханада дәстүр бойынша ең алғашқы іс шара «Тарыдай болып кіресің, Таудай болып шығасың» атты тақырыпта өтті.

Іс шараның мақсаты: 1 курс студенттері студенттер қатарына қабылдана отырып ұқыпты, тәртіпті, адал болуға, колледжіміздің мәртебесін биік ұстауға, барлық алған білімді және күш жігерін сақтай отырып, адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Кеш шымылдырығын 1 курс ұл, қыздарының вальс биімен ашылып, студенттердің жекелей орындаған әндері тамашаланды. Іс шараға жатақханада жатқан АрПИ, мед колледж,экономика колледжі, көп салалы колледжі және өзіміздің педагогикалық колледжінің студенттері барлығы ат салысты. Музыка бөлімінің  1 курс студенті Орынбасар Нұрбибінің орындаған күйі, АрПИ, мед колледж студенттерінің орындаған «Студенттер» әні, 1 курс студенттерінің Аружан,Аягөз  қыздарымыздың «Алтыным менің» әні ерекше көзге түсті. Кеш сңында «Бір үйдің баласындай» әнімен 1 курс студенттерін ортаға алып  АрПИ студенті Сырым, мед.колледж студенті Жанайымның орындауында әні көңілді көтеріп жіберді, жоғары курс студенті Бейсенбай Амандық игі тілегін үлкен сезіммен жеткізе білді. Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруына ықпал ете отырып, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу біздің басты мақсатымыз дегім келеді. Кеш өз дәрежесінде өтіп,соңы би кешіне ұласты.

 

Тәрбиеші:Бирмаканова Ж.Х