Колледж президентін сайлау
Ағымдағы жылдың 12 қыркүйегі күні шығармашылық, спорттық, ғылыми, өндірістік салаларда ерекше жетістіктерге қол жеткізген екінші және төртінші курс білім алушылары арасында "Колледж президентін" сайлау өткізілді.
- Нәтижесі: жалпы 1307 қолдаушы дауыс берді.
- Әлім Аружан Аманқызы- 400 дауыс;
- Омаш Анеля Рахатқызы- 340 дауыс;
- Дәулетәлі Әйгерім-207 дауыс;
- Қаби Мөлдір Әбілхамитқызы- 360 дауыс.
Комиссия шешім шығару барысында дауыс санына ғана емес, колледж тынысымен біте қайнасқан, қоғамдық істерге жауапкершілік танытқан үміткерге басымдық берді. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша колледж Президенті Омаш Анеля Рахатқызы болды.
- Тартысты іс-шараға өз идеяларын ұсынған үміткерлер білім ордамыздың директоры С.О.Алматованың алғыс хатымен марапатталды.
- Анеля Рахатқызы оқу орнымызға тың серпін әкеледі деген зор сенім білдіре отырып, белсенділік танытқан барша студенттер қауымына зор алғысымызды білдіреміз!
- Колледжіміздің дамуы жолында жемісті жұмыс істеп, ерінбей еңбектенейік.
Оразов Ниязбек Рамазанұлы
Жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/699-kolledzh-prezidentin-sajlau.html#sigFreeId062bdae76a