Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің білім беру ұйымдарына «Өзін –өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру  бағдарламасын оқу тәрбие процесіне интеграциялау бойынша пилоттық жобаны енгізу туралы 2021 жылғы 18 қаңтардағы №25 бұйрығына сәйкес облысымызда бірнеше оқу орындары пилоттық жобаға енгізілді. Оның қатарында біздің Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі де бар. Пилоттық жоба 2021-2023 жылдарға арналған. Жобаның басты мақсаты: «Өзін –өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру  бағдарламасын оқу тәрбие процесіне интеграциялау. Осы мақсатты негізге ала отырып, колледжімізде 27 тамыз күні өткізілген әдістемелік кеңесте жұмысшы – шығармашылық топ құрамы бекітіліп жұмысты бастап та кетті. Директор жанындағы отырыста  пилоттық жобаны жүзеге асыру бойынша іс шаралар кешені құрылып, жұмыс жоспары талқыланды. Жұмыс жоспары негізінде ауқымы кең, ерекше  іс шаралар іріктеліп Контент жоспарға тоғыстырылды. Контент жоспардағы іс шаралар, пилоттық жобаға енген оқу орындарының қызметін жария ету мақсатында  Адамның үйлесімді дамуы  ұлттық институтының ресми сайтында және әлеуметтік парақшаларда жарияланатын болады.

Пилоттық жобаны жүзеге асыру барысында колледжде эксперименттік топтар анықталды. Пилоттық жоба шеңберінде анықталған эксперименттік топтарға сабақ беретін барлық оқытушылар, өз сабақтарын «Өзін –өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру  бағдарламасымен кіріктіруі талап етілді. «Өзін –өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру  бағдарламасымен кіріктірілген ашық сабақтар, сыныптан тыс шаралар мен ақпараттық үгіт-насихат жұмыстары біріздендірілді.

Колледждің әдістемелік қызметі