Арқалық қаласының 65 жылдығына орай қаламызда ауқымды іс-шаралардың жоспары құрылып, қала тұрғындарына тарту етілді.
Колледж ғимараты жанынан көрме ұйымдастырылды, көрмеде қаламыздың көркем ғимараттарының макеттері, жарға ілінген фото суреттер тарихтан сыр шертіп тұрды, қала тұрғындарына тамашалауға арнайы ұйымдастырылды.
Колледжіміздің "Арқа сазы" ансамбльі Наурыз алаңындағы концертте өз өнерлерін көрсетсе, сахна ашылуында студенттеріміз Флешмоб биледі.
Жатақхана тұрғындарының тартуы ерекше көзге түсті. Колледжіміздің жатақхана терезелеріне 65 деген үлкен жазулар ілінді.
Бейне роликтер байқауынан колледжің ақпараттық бағдарламашы қызметкері Аюбеков Дастан бас жүлдені иеленді, бұл жерде айта кететін роликтің әзірленуіне колледждің Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Оразов Ниязбек пен колледж психологы Дакар Айнұрдың да үлесі зор болды.
Колледж басшысы Алматова Сандуғаш Орекенқызы Арқалық қаласының дамуы мен қалыптасуына қосқан үлесі үшін Арқалық қаласының 65 жыл мерейтойына арналған «Арқалық қаласына 65 жыл» төсбелгімен марапатталды.
Футбол, волейбол, жеңіл атлетика жарыстарынан жүлделі орындар болды, қыз балалар арасында алдыға оза шыққан Елеусизова Қарлығаш БМ-11 тобы 1-орынды иеленді. 2-орынды МД-22 тобының білім алушысы Хасен Садина алды. Ер балалар арасында 2400 қашықтықта ДМ-11 тобының студенті Сансызбай Мұхамеднұр 2- орынды иеленсе ДМ-21 тобының білім алушысы Егінбаев Бексұлтан 3- орынды қанағат тұтты. Фотосурет байқауынан ІІІ орынды Өмірбай Айдана және номинация бойынша Сағантаева Аяжан иеленді.
Сурет салу байқауынан 3 курс студенті Қуаныш Әлия ІІІ орынды иеленді. Сонымен қатар эссе байқаулары, колледж ішілік жан-жақты көрме, тәрбие сағаттары т.б барлығы да ойдағыдай өтті. Еңбектеріңізге табыс, білім алушыларымыздың тәрбиесі мен білімі шыңдала берсін !
Қала күні мерекесіне арналған іс-шараларды ұйымластыруға Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің қосқан үлесі зор!