Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

«Жас талап-2021» байқауы

 30.09.2021 күні Колледж Мәжіліс залында өткізілді

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің білім алушылары әркез өнер биігінен көрініп келеді. 

Жас таланттарымыздың өнердегі қадамдарын шыңдап, жаңа есімдерді жарыққа шығару мақсатында өткізілетін «Жас талап-2021» дарындар додасы биылғы жылы да өз жалғасын тапты. Жүзден жүйрік шыққан жас өрендер хореография өнері, вокал, аспаптарда ойнау шеберлігі, театрлық өнер, авторлық ән, авторлық өлең, айтыскер ақындық өнері, жүргізушілер аталымдары бойынша алты топ өзара бақ сынасты.

Әр топ аталған номинациялар бойынша концерттік бағдарламаларын көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Сайысқа төрелік ету үшін құрылған комиссия құрамы сахна тәртібін қатаң қадағалай отырып өнерпаздарымызды әділетті бағалап, әр номинация үздіктерін маратпатталып, жүзден жүйрік шыққан топтарға дипломдар табыс етілді

І– орынды БМ-13 тобы иеленсе

ІІ – орын ДМ – 11 тобы ие болды

ІІІ – орын МУЗ – 1 тобы

Талантты жас буынның талпыныстары жоғары. Алдағы уақытта биіктен көріне беруіне тілектеспін. Болашағынан зор үміт күттіретін өрендерге сәттілік серік болғай.

 

Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Ниязбек Рамазанұлы