Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Жаңалықтар

2020 жылдың 4.09-6.09 аралығында Қостанай қаласында «Қостанай облысы  Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «JAS Qosta - 2020» жастар ақпараттық слеті өтті.

Колледждің бірінші қабатында «Білім күніне» арналған көрме ұйымдастырылды.

Арқалық қаласы Назипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі  КМҚК жаңа  оқу жылын  қашықтан  білім беру режимінде бастайды. Толығырақ төменде

Арқалық қаласындағы Назипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі  КМҚК жаңа  оқу жылын  қашықтан  білім беру режимінде бастайды.

Қазіргі таңда колледжде 5 мамандық (бастауыш білім беру, мектепке дейінгі оқыту және тәрбие, дене тәрбиесі және спорт, музыка мамандықтары ) бойынша 482  студент білім алуда.  Оның ішінде музыка бөлімі бойынша 42 білім алушы жеке сабақтар бойынша штаттық режимде білім алуда. Колледжде барлық  санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қамтамасыз етілген, оқу бөлмелерінде антисептиктік құралдар орнатылған, дизенфекциялық жұмыстар, кварц аппараттарын қосу жұмыстары кестеге сәйкес тұрақты түрде жасалып жатыр.

«Арқалықта "Домбыра" мүсіндік композициясының салтанатты ашылуы өтті. Ұлттық домбыра күніне орайластырылған шараға қаладағы мәдениет қайраткерлері қатысып, бастамашыларға батасын берді»- деп хабарлады baq.kz https://baq.kz/news/othernews/dombyra-dombyra/

Мүсіннің биіктігі – 3 метр, тұғыры – 70 см. Қаңқасы темірден жасалып, сырты синтетикалық материалмен қапталған. Бастамашы жастар жобаның қымбатқа түспеуін басты мақсат еткенін айтады.

Жас педагог болып колледж табалдырығын аттағаннан бастап өмір бойы білім алу, өмір бойы үйрену бұрыңғыдан артпаса, кемімейді. Соның ішінде әріптестерінен үйрену  өте маңызды.

Жас маман болып колледжімізге келген мұғалімдерімізге  педагогикалық та, психологиялық та, әдістемелік те қолдау көрсету сол ұжымның ішіндегі тәжірибелі ұстаздарға жүктелген аса жауапты міндет, соның ішінде оларға бекітілген тәлімгерлеріне.