Жаңалықтар
Елдегі төтенше жағдайдың орын алуына байланысты білім беру саласында, соның ішінде колледжімізде қашықтан оқыту бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі.
16 наурыздан бастап, колледжіміз «EduPage» платформасында жұмыс жасап келеді. Жаңа жағдайда жұмыс жасаудың өзіндік қиындықтары мен жетістіктері қатар жүрді деуге болады. Әрине негізгі ауыртпашылық ұстаздарымызға тиді, дегенмен талап қойылғаннан кейін оқытушылар қиындықты жеңіп шығып жатыр.
«Іскер жастар кеңесі» ҚБ Қостанай облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Облысымыздың оңтүстік өңірінде ауылдық ҮЕҰ ресурстық орталығының қызметін ұйымдастыру» жобасын іске асыру шеңберінде, бастамашылық топтар, мемлекеттік органдар, бизнес - құрылымдардың өкілдері Қостанай облысы Арқалық қаласы, Амангелді және Жангелдин аудандары ҮЕҰ әлеуметтік идеялар мен жобалары аймақтық Жәрмеңкесіне қатысып, әр мекеме өздерінің жобаларын ұсынып, бақтарын сынады.
Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі қашықтан оқытуына байланысты қаламыздағы Кейкі батыр атындағы № 4 орта мектебінің 9-11 сынып түлектерімен ZOOM бағдарламасы арқылы Онлайн форматында «Ашық есік» күнін өткізді.